Қызылордада 9 жасар қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды

Оқиға 16 шілде күні болған. Белгісіз азамат 9 жастағы қыз балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған. Содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
«Күдіктіні анықтау мақсатында облыстық полиция департаменті және Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлері тарапынан жедел тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, 26 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды. Ол кінәсін толығымен мойындады», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.Департаменттің хабарлауынша, қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.