Қызылордада орман инспекторларына күш қолданған қала тұрғындары ұсталды

Мекеме инспекторлары Газель автокөлігін тоқтатқан. Алайда автокөлік жүргізушісі қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбай қашып, бір үйдің алдына барып тоқтап, қасындағы жолаушысы екеуі орманшыларға күш қолданып дене жарақаттарын салған.
Тексеру барысында күдіктілер 33-34 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Олар ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде оқиға орнында 50 қап сексеуіл алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380 бабының 2 бөлігімен (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
kyzylorda-news.kz