Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған 4 адам ұсталды

Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған 4 адам ұсталды

Қызылордалық полицейлер заңсыз аңшылық дерегін анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде “Құқық тәртібі” іс-шара өткізу барысында, Қызылорда облысы Полиция департаменті және Қызылорда облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 26 тамыз күні түнгі уақытта Қармақшы ауданы ІІІ-Интернационал ауылына қарасты егістік алқабында күдік тудырған екі шетел автокөлігі тоқтатты. Тексеру барысында төрт азаматтың заңсыз аңшылық жасап жүргендігі анықталды. Олар Қармақшы ауданы ІІІ-Интернационал ауылының тұрғындары болып шықты. Оқиға орында автокөліктерден еш құжатсыз тіркеуде жоқ үш аңшы мылтығы және атылған жабайы шошқа заттай дәлелдеме ретінде алынды. Автокөліктер айыппұл алаңына қойылды. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабымен (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. 
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Одан бөлек, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
https://stan.kz/
27 тамыз 2020 ж. 632 0