Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада киік атқан браконьерлер ұсталды

Қызылордада киік атқан браконьерлер ұсталды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінде 4 киік атып алған браконьерлер ұсталды. ҚР Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері кезекті рейд жүргізген еді. Аталмыш шара барысында полицейлер Төретам кентінде Land Cruiser 80 көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан 4 киік, 2 асхана пышағы, 12 калибрлі мылтық пен 9 оқ тәркіленді. Көлік иесі мен ондағы азаматтар Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінің тұрғындары болып шықты. «Ұсталған адамдардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қалғанына бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Онда өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
https://24.kz/kz/
10 наурыз 2020 ж. 832 0