«Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады

Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттеріжеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Antikor оrtalyǵy-ның функциялары:
- жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;
- уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;
- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.
Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 156«а», жұмыс уақыты: дс-жм, сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін. Сенім телефоны 1424

Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті