Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы 1965 жылы туған. 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас инспекторы қызметінен бастаған. 1995-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.
2003 - 2005 жж. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2005 - 2006 жж. - «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы.
2006 - 2007 жж. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2007 - 2008 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы.
2008 - 2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2009 - 2012 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2012 - 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2013 - 2014 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары.
2014 - 2019 жж. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
2019 жылдың ақпанынан 2019 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2019 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2008-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болды.
2020 жылдың 28 наурызынан бері Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды.

baq.kz
07 сәуір 2022 ж. 413 0