Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарақұмдықтар көрсеткен қайырлы іс

Қарақұмдықтар көрсеткен қайырлы іс

«Жол мұраты жету» екенін жақсы білетін халқымыз үшін діттеген жерге аман-есен жетуден өзге мақсат болмаса керек. Бұл межеде жолаушылардың сенімді көлігіне айналған Қызылорда – Павлодар бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы Қарақұм ауылы Абай станциясында тұрып қалды. Техникалық ахудың туындауы себепті станцияда сағаттап бөгелген пойыздың жолаушылары да өзгенің қол көмегіне мұқтаж болғаны жасырын емес. Мұндайда қазақ көмектен құр қалған ба? Мұндай жағдайда сол жердегі тұрғылықты жұрттың жұмыла бірігіп, жолда қалған жолаушыға жағдай жасағанын білеміз. Бұл жолы қарақұмдықтар да өзгеге қол созуда қайырлы істен құр қалмады.
Жолда қалған жандарға көмек беру исламда үлкен сауап екеніайтпаса да белгілі ғой.Қасиетті Құранның «Сәбә» сүресінде «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» делінген ғой.Сол себепті мешіт қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының ұйымдастырумен жолда қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетілді.
Жолаушылар ауыл тұрғындарына алғыстарын білдіріп, рамазан айында қайырымды іске атсалысқан барлық азаматтарға ризашылықтарын жеткізді.

«Толқын» ақпарат
07 сәуір 2022 ж. 336 0