Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қала тұрғындарына 10 млн. теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды

Қызылордада қала тұрғындарына 10 млн. теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын айтты.

Анықталғандай, өткен жылдың 30 желтоқсан күні танысы несие алуға көмек беремін деп, 2 млн. 300 мың теңге несиені өзіне алдыртып, алдап алған.
Сол күні полицияға облыс тұрғынынан алаяқтық дерегі туралы тағы бір осындай мазмұнда арыз келіп, түсті. Белгісіз азаматша 2019 жылдың наурыз айы мен желтоқсан айларында қала тұрғындарын құр уәдемен «үй алуға көмек беремін» деп, алдау-арбау жолымен 8 миллион 350 мың теңге ақшасын жымқырған.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері бұрын сотталған 50 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

kyzylorda-news.kz
07 сәуір 2022 ж. 511 0