Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтардың қазақстандықтарды алдау үшін пайдаланатын тағы бір әдісі анықталды

Алаяқтардың қазақстандықтарды алдау үшін пайдаланатын тағы бір әдісі анықталды

Алаяқтар дыбысты роботтардың көмегімен қазақстандықтардың биометриялық деректерін жинақтайды. Алаяқтардың тұзағына қалай түсіп қалмауға болатыны туралы біле жүріңіз.
Алаяқтар кез келген телефон нөмірінен қоңырау соға алады. Дыбысты робот банктен, полициядан немесе кез келген басқа компаниядан хабарласып тұрғандай өзін таныстырады.
Айлакерлер ойдан құрастырылған оқиғаға адамды сендіріп, оны өзі туралы жеке және төлем мәліметтерін хабарлауды сұрайды. Артынша оның банк есепшотындағы барлық қаражатын иемденіп алады немесе «құрбанының» дауысын одан әрі заңсыз мақсатта пайдалану үшін жазып алады.
Дыбысты робот сізге қызмет көрсететін банктің қысқа нөмірінен хабарласып, бәзбіреулер сіздің атыңызға кредит рәсімдемек болғанын немесе сіздің есепшотыңыз бұғатталғанын айтады. Кез келген жағдайда қаскөйлер сізге тиісті қаражатты «резервтік есепшотқа» аударуды ұсынады.
Роботтар өздерін полиция ретінде таныстырып, сіздің атыңызда төленбеген айыппұл бар екенін хабарлайды және толығырақ ақпарат алу үшін мысалы, «1» батырмасын басуды сұрайды. Одан кейін басқа дыбысты «көмекші» іске қосылып, ол ұсынылатын ақпарат құпия екенін және оны ашу үшін бірқатар сұраққа жауап беру қажет екенін мәлімдейді. Бұл сұрақтардың арасында сіздің төлем деректеріңіз болуы ықтимал.
Сонымен қатар сіз қандай да бір ұтыс ұтып алғаныңыз жөнінде алдын ала жазылған жазбаны қолдану да кең таралған алаяқтық әдістің бірі. Сіз шынайы адам хабарласты деп ойлап, ұтысты нақтылайтын сұрақтар қоятыныңыз анық. Ал анығында сіздің дауысыңыз осы сәтте жазылып жатады.
Алаяқтар сіздің ЖСН, есепшот нөмірі немесе хабарламамен келген кодты алумен қатар, сіздің «иә» немесе «растаймын» деп айтқан дауысыңызды жазып алуды көздейді. Ол үшін робот сізге түрлі қарапайым сұрақ қояды. Алаяқтар дыбысты жазбаларды сіздің атыңыздан түрлі банк операцияларын орындау үшін қолданады.

kyzylorda-news.kz
10 сәуір 2022 ж. 650 0