Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде теміржол билеттері қымбаттайды

Елімізде теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстанда жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау бағасы көтерілді. Бағаның қымбаттауын ең көп елорда тұрғындары сезінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшылардың бағалауынша, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында теміржол көлігі саласындағы компаниялардың кірісі 196,2 млрд теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,8%-ға артық.
185,2 млрд теңге кірістің басым бөлігін кәсіпорындар жүк және багажды тасымалдаудан алса, жолаушыларды тасымалдаудан түскен табыс небәрі 11 млрд теңге болды.
2022 жылдың алғашқы екі айында теміржол көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 70,8 млн тонна болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,2%-ға артық.
«Өңірлік тұрғыда жүк пен багаждың басым бөлігі Қарағанды облысына тасымалданған (8,8 млн тонна). Үздік үштікке Ақтөбе облысы (7,7 млн тонна) мен елорда (7,4 млн тонна) кірді», деп жазды Ranking.kz зерттеуінде.
Сонымен қатар мамандардың айтуынша, елдегі жүк айналымы 18,2 %-ға артқан. Биыл қаңтар-ақпан айларында теміржол көлігімен 2,5 млн адам тасымалданды. Бұл 2021 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 28,8%-ға артық.
Сондай-ақ 2022 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша жолаушылар теміржол көлігі қызметтерінің бағасы көтерілді. Өңірлік тұрғыда елорда тұрғындары бағаның өсуін ең көп сезінді – жылына 9,8%. Алғашқы үштікке Атырау (жылына плюс 5%) және Ақмола (плюс 4,6%) облыстары кірді.
Мамандардың зерттеуінше, төрт облыста – Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістанда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды. Екі облыста баға төмендеді: Шымкентте 1,5%-ға, Қызылорда облысында 2%-ға.







11 сәуір 2022 ж. 713 0