Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың басым бөлігі билетті онлайн тәсілмен сатып алады

Қазақстандықтардың басым бөлігі билетті онлайн тәсілмен сатып алады

ҚазАқпарат - Қазақстандықтар бір жылдың ішінде 16 милллионнан астам теміржол билетін онлай режимде сатып алған.Ranking.kz-тің хабарлауынша, қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан аумағында 7,4 млрд жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда, 2,2 пайызға көп. Жолаушылардың 99,9 пайызы әдеттегідей автомобиль мен қала ішіндегі электрлі көліктердің қызметіне жүгінген.
Ал әуе көлігіне деген сұраныс 7,7 пайызға азайған. Керісінше теміржол қызметіне жүгінушілер саны 3,7 пайызға артқан.
Халықтың ішінде онлайн-сатып алу жоғары қарқынмен белең алуда. Наурыз айына дейін онлайн-төлемдер көлемі 463 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,7 есе көп. 
«Электронды теміржол билетіне деген сұраныс та артуда. Ел аумағында 233 теміржол кассасы мен 4,5 мың жекеменшік билет касссалары болғанына қарамастан, жолаушылар 16,3 млн билетті онлайн режімде сатып алған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға артық» - дейді Ranking.kz
Теміржол билетінің сұранысымен қатар бағасы да өскен. Қаңтар-сәуір аралығында теміржол таасымалының қызмет құны 4,9 пайызға қымбаттаған. Ең үлкен баға өсімі Атырау облысында тіркелген. Бір жылда теміржол қызметі 23,6 пайызға өскен. Екінші орында 11,3 пайызбен Шымкент қаласы тұрса, үшінші орынға 10,3 пайызбен Павлодар облысы  жайғасқан.
http://lenta.inform.kz
17 мамыр 2019 ж. 935 0