Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бекітілді - министр

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бекітілді - министр

Министрдің сөзіне қарағанда, көліктің бағасы кредит сомасынан жоғары болса, үстінен ақша қосуға болады
Қазақстанда жеңілдетілген автокредит тәртібі бекітілді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетері, бұған дейін кредиттің үстінен қосылатын ақшаның шегі болады делінген.
Себебі жеңілдетілген автокредитпен бюджеттік көліктерді ғана рәсімдеуге жоспар болған.
Бағдарламаның негізгі шарттары: - кредит сомасы - 10 миллион теңге; - жылдық сыйықасы 4 процент; - мерзімі - 7 жыл.
Министрдің сөзіне қарағанда, көліктің бағасы кредит сомасынан жоғары болса, үстінен ақша қосуға болады. Нақты шектеу жоқ.

14 сәуір 2022 ж. 579 0