Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізге алты миллионнан аса турист келеді деген болжам бар

Биыл елімізге алты миллионнан аса турист келеді деген болжам бар

Кейінгі жылдары елімізде ішкі туризмнің өсу қарқыны біршама жақсы. Былтыр да саяхатшылар саны 6 миллионнан асып, рекордтық көрсеткішке жеткен.
Биыл да турист саны азаймауы тиіс. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыда туроператорлармен жүздесіп, туризмді дамыту төңірегінде ой өрбітті. Оның ішінде Kids Go Free бағдарламасы, яғни ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік беретін жоба жайы талқыланды.
Соңғы жылдары Қазақстанда ішкі туризмнің өсуіне бірнеше фактор әсер еткен. Соның бірі әлемдік пандемия. Бұған қоса жаңа туристік нысандар ашылып, туристік бағыттар артқан. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен кездесуде жазғы маусымның гранд маршруттары анықталып, сол бойынша жұмыстарды бірге жүргізу жолдарын талқылады. Ал туристік компаниялар турпакет шеңберінде саяхаттайтын кәмелетке толмаған жолаушылардың билет құнын субсидиялауды жылдамдатуды сұрады.
«Kids Go Free» бағдарламасы яғни балаларды саяхатқа тегін алып шығу бағдарламасы осы жылдың басынан бастап іске қосылған болатын. 00 11 46 Жаңадан енгізген бағдарлама болғандықтан алғашқы 17 туроператорды қосып оған FlyArystan, Aviata.kz сияқты үлкен сервистердің барлығын қосып, қазір ең алғашқы заявкаларды өңдеп жатырмыз. Қазіргі кезге дейін 30-дан астам заявка келіп түскен. Оның кеше ғана алғашқы туроператорлары өзінің бірінші төлемін қайтып алды мемлекеттен», – дейді қазақ туризм ұлттық компаниясының басқарушы директоры Даниел Сержанұлы.
Жаңа жобалар аясында кәсіпкерлер енді 4 бағытта субсидия алады. Яғни туристік нысан салатын болса, мемлекет шығынның 10 процентін қайтарады. Егер туристік кластағы транспорт сатып алса, 25% беріледі. Шетелден әкелген әрбір турист үшін де, жол бойында жолаушыға қызмет көрсететін ғимараттарды тұрғызса да көмек қарастырылған. Осындай ынталандыру шаралары, әсіресе, шалғай аймақтардағы көрікті жерлердегі инфроқұрылымды жақсартады деген үміт бар.
«Кеген мен Райымбек ауданында шынымен де тартымды жерлер өте көп. Біз қазір айналысып жатқан, басымды туристік териториялар деп айтамыз ол жерге біз Хантәңірі айналасындағы аумақты кіргіздік. Қазіргі таңда Хантәңірі лагеріне жол жасап жатырмыз жергілікті бюджет есебінен. Ол жерде инвестор бар», – дейді Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Жанар Алшынбаева.
Әлемнің көптеген елдері карантиндік шектеулерді алып жатыр. Жағдай тұрақты болса, биыл да туристердің саны 6 миллионнан асады деген болжам бар. Оның 1 миллионы шетелдік туристер болмақ.

kyzylorda-news.kz
30 сәуір 2022 ж. 353 0