2 мамырда ауа райы қандай болады?

Ақмола облысының солтүстік жартысында, Алматы облысының шығысында, күндіз Атырау облысының шығысында 15-20 м/с жел тұрады.
Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы, тау бөктерінде – найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында, шығысында-тұман түсіп, желдің ылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін күшейеді.
Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында бұршақ жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
kyzylorda-news.kz