Елімізде қанша адам вакцина алды
Қазақстанда 9,2 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы толық егілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 мамырға дейін елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 490 372 адам, 2-компонентін 9 256 909 адам салдырды.
Сондай-ақ Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» препаратымен вакциналау жалғасып жатыр.
11 мамырға дейін I дозамен - 1 101 145 адам, ІІ дозамен 960 025 адам егілді. Оның ішінде, І компонентпен: жасөспірімдер – 835 458, жүкті әйелдер – 38 803, бала емізетін әйелдер – 137 931.
ІІ компонентпен жасөспірімдер – 770 492, жүкті әйелдер – 34 119, бала емізетін әйелдер – 124 220.