Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі талқыланады – Ералы Тоғжанов

Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі талқыланады – Ералы Тоғжанов

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі Әлеуметтік кодекс аясында талқыланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Зейнет жасын қысқарту керектігін көтеріп жүрген санаттар шынымен көп. Бұл мәселе талқыланады. Өйткені обьектиивті түрде айтсақ, бұл оңай мәселе емес. Халықаралық тәжірибені ескеріп отырмыз. Халықаралық тәжірибеде зейнет жасын төмендету туралы әңгіме жоқ. Бұл тақырыпты шахтерлер ғана көтеріп отырған жоқ. Мүгедектігі бар балалардың аналары да бұл мәселені көтеріп жүр», – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Сонымен қатар ол жыл соңына қарай Әлеуметтік кодекс қабылданатынын еске салды.
«Әлеуметтік кодекс жыл аяғына қарай қабылданады. Оған дейін бірнеше талқылау жүреді. Әйелдердің зейнет жасы қазір 60 жас мөлшерінде. 2027 жылға дейін осы қалыппен ұзарады. Сондықтан күн тәртібінде бұл мәселе тұр», – деді Ералы Тоғжанов.
Айта кетейік, Қазақстан Халық партиясы әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету туралы ұсыны көтерген болатын.

syrboyi.kz
13 мамыр 2022 ж. 379 0