Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедек азаматтардың зейнетке шығу жасы төмендей ме

Мүгедек азаматтардың зейнетке шығу жасы төмендей ме

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мүгедектігі бар тұлғалардың зейнетке шығу жасын төмендетуге мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде Қазақстанда ерлердің зейнетке шығу жасы 63 жасты құраса, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер үшін – 60 жас (2018 жылдан бастап зейнет жасы жыл сайын кезең-кезеңімен 6 айға ұлғайып отырады және 2027 жылы 63 жасты құрайды). Қазіргі уақытта зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі еңбек өтілімен байланстырылған үш деңгейден (ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы) тұрады. Ынтымақты зейнетақы мөлшері 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек өтілінің қысқаруы себепті біртіндеп төмендейді», – делінген Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Оның атап өтуінше, ынтымақты зейнетақының қысқаратын мөлшері міндетті зейнетақы жарнасы есебінен қалыптасантын жинақтаушы зейнетақы мөлшерінің артуы есебінен өтелуі тиіс.

«Заңнамаға сәйкес, базалық және жинақтаушы зейнетақы жалпы бекітілген зейнет жасына (60/60) жеткен кезде ғана тағайындалады. Оның мөлшері де жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың ұзақ болмауына байланысты айтарлықтай төмендейді. Бұған қоса, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің біршама ұзақ болуы бір күнкөріс миниумына дейінгі мөлшерде базалық зейнетақы алуға мүмкіндік береді. Көпбалалы аналарға сияқты зейнет жасын 53-ке дейін төмендеткен жағдайда тағайындалған ынтымақты зейнетақы мөлшері қазіргі уақытта мүгедектікке байланысты ай сайын алатын жәрдемақыдан төмен болады», – деді вице-премьер.

Үкімет басшысы орынбасарының түсіндіруінше, мүдегектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар зейнет жасына жеткен кезде жасына байланысты зейнетақы төлемін алушылар санатына ауыстырылады. Бұл ретте жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемінің мөлшері мүдегектігіне орай алатын жәрдемақы мөлшерінен төмен болса, онда зейнетақыға мүгедектіктің тиісті санаты үшін бекітілген жәрдемақы мөлшеріне дейін үстемеақы алады.

syrboyi.kz

23 мамыр 2021 ж. 620 0