Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендей ме?

Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендей ме?

Премьер-Министр Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарының Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасына қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі еңбек өтіліне байланысты. Бұл ретте ынтымақты зейнетақының мөлшері біртіндеп төмендейді. Өйткені, оны тағайындау барысында тек 1998 жылдың 1 қаңтарына, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейінгі еңбек өтілі есепке алынады. Ынтымақты зейнетақының төмендейтін мөлшері міндетті зейнетақы жарнасын аудару кезеңінің артуы есебінен зейнетақының жинақтаушы бөлігінің артуы есебінен өтелуі тиіс», деді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен барлық тұлғаға зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты ең төменгі күнкөрістің 54-тен 100 пайызына дейінгі мөлшерінде беріледі. Ұзақ жұмыс істеген сайын базалық зейнетақы мөлшері де жоғары болмақ. Зейнеткерлікке ерте шығу зейнетақы жарналарын аудару кезеңінің ұзақ болмауына байланысты қартайғанда жеткілікті зейнетақы төлемін алу үшін зейнетақы жинағының жеткілікті көлемін жинауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар бұл базалық зейнетақының да мөлшеріне әсер етеді.
24 ақпан 2021 ж. 472 0