Аудандағы ауыз судың сапасы

Ауданымызды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету қызметін «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі атқарады. Кәсіпорын өз алдына бөлек ведомстволық зертханамен жабдықталғандықтан халық тұтынып отырған ауыз судың сапасына күнделікті қадағалау жүргізіп отырады. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен аудан көлемінде 2021 жылы орталықтандырылған ауыз су нысандарынан жоспарлы тексеру кезінде және ай сайынға ауыз су сапасына жүргізілген мониторинг нәтижесімен микробиологиялық көрсеткіштерге барлығы 51 сынама алынып, сәйкессіздік анықталған жоқ. Орталықтандырылған ауыз су нысандарынан химиялық көрсеткіштерге 51 сынама алынып, оның 6-ы сәйкес келмеді. Осы сәйкессіздікке байланысты Арал ауданының елді мекендердегі су құбырына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Ауданымыздағы орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне 2022 жылдың көктемгі күшейтілген хлормен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Басқарма тарапынан аудан тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне, ауыз су арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізуі жалғасын таба береді.
Ауру астан дейді дана халқымыз, ал астың бәрі судан нәр алатындығын ұмытпағанымыз абзал.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы