Су тасқыны кезінде инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары

-ішуге және тамақ дайындауға тек шөлмектегі немесе қайнатылған суды пайдалану;
-су басқан жерлерде бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеу;
-шөлмектегі ауыз су қорын қамтамасыз ету және кеміргіштер қолы жетпейтін жерлерде жабық ыдыстарда сақтау;
-тасқын сулармен ылғалданған тамақ өнімдерін пайдаланбау;
-ауланы қоқыстан тазарту;
-су тасқынынан кейін барлық үй-жайларды дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу;
-толтырылуына қарай қазылған шұңқырларды уақытылы сорғызу;
-ауыз су мақсатында пайдаланылатын ұңғымаларды тазарту, дезинфекциялау;
-су тасқынының тағы бір проблемасы–кеміргіштер, көптеген аурулардың қоздырғыштары.
Олар тұрғын үйлер ғимараттарына еніп, адамның жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыру қаупіне ықпал етуі мүмкін.
Гигиеналық ережелерді сақтау Сізді көптеген аурулардан қорғайды!
О. МОШАНОВ,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысының міндетін атқарушы.
басқармасының басшысының міндетін атқарушы.