Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қандай ауру түрлері азайған?

Қазақстанда қандай ауру түрлері азайған?

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мамандары Қазақстанда қандай ауру түрлері азайғанын айты, - деп хабарлайдыtengrinews.kz тілшісі.
Санитарлық қызметтер 97 жұқпалы ауруға мониторинг жүргізіп, жарты жылдың қорытындысы бойынша 61 инфекциядан сырқаттанушылық азайғанын хабарлады.
"Атап айтқанда, серозды менингитпен (14,6 есеге), іріңді менингитпен (4,8 есеге), сальмонеллез (2,5 есеге), ротавирустық энтеритпен (38,2 пайызға), бруцеллезбен (46,1 пайызға), көкжөтелмен (26 пайызға), менингококк инфекциясымен (26,8 пайызға), қызылшамен (3,2 есеге), туберкулезбен (27,3 пайызға) сырқаттанушылықтың төмендегені байқалды", - делінген хабарламада.
2020 жылдың басынан бері Қазақстанда оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтырма, туляремия, дифтерия, сіреспе, қызамық аурулары тіркелмеген.
14 тамыз 2020 ж. 546 0