Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады

Ақпарат бойынша, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша, қазақстандық өндірушілер бензинге сұраныстың 98,2 пайызын және дизель отынына 93,1 пайызын қамтамасыз етті. Өндірістің өсуі мен сектордағы импорт алмастыру саясатының арқасында бензин импорты бір жылда 94 пайызға, 16,7 мың тоннаға дейін қысқарды. Экспорт 11,2 есеге артты, алайда оның көлемі аз ғана, 665,9 тонна.
Сараптама орталығынң мәліметінше, төртінші мұнай өңдеу зауытын Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Алғабас ауылына жақын жерде салу жоспарланып отыр. Жобаның құны - 420 миллион АҚШ доллары. Жаңа мұнай өңдеу зауытына шикізаты Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнынан жеткізіледі. Жаңа зауыт құрылысына инвесторлар екі жыл уақыт керек дейді, ол 2020 жылдың соңына дейін іске қосылуы керек.