Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанармай нарығындағы өзгеріс: солярка қымбаттап, бензин арзандауд

Жанармай нарығындағы өзгеріс: солярка қымбаттап, бензин арзандауд

Қазақстанда күн санап солярка қымбаттап келеді. Бір жылдың ішінде дизельдік отынның бағасы айтарлықтай өскен. Көңіл жуатпайтын статистиканы ranking.kz аналиктері шығарды,

Экономистердің айтуынша, дизель ешқашан дәл осылай қымбаттаған емес. Елдегі жазғы солярканың орташа бағасы 190 теңгеден асады. Қысқы жанармайдың да бағасы көңіл қуантпайды. Оның литрі шамамен 260 теңге тұрады. Ал, бірақ бензин, керісінше, арзандаған.
Қазіргі таңда бензин бағасы жүргізушілерді таң қалдыруда. Соның ішінде, АИ-92 бензині бір жылдың ішінде айтарлықтай арзандаған. Ең танымал марканың бағасы 8% -ға арзандапты. Бүгінде елде бензиннің орташа бағасы 148 теңге 30 тиынды құрайды. Ал, АИ-95 20 теңгеге қымбат тұрады.
Бензин бағасының төмендеуіне мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту әсер еткен. Жанармай қоры көбейгендіктен, оның бағасы да төмендеген. Бірақ, бұл баға жүргізушілерді қуантқанымен, өндірушілерге ұнамай отыр. Сарапшылардың пікірінше, жанармайдың тым көптігінің салдарынан елде бензин артылып сатылмай жатыр.
Өндірушілер бензин бағасы шектік деңгейге дейін түсіп кетпес үшін бензин импортын азайтуға мәжбүр болды. Бірақ, әзірге үлкен сауда нарығын таба алмады. Бензин бағасы халықты қуантқанымен, дизель отынының қазіргі құны көңіл түсіріп отыр.
Бүгінгі таңда жазғы солярканың орташа құны шамамен 192 теңгені құрайды. Ал, қысқы солярканың литрі одан  67 теңгеге қымбат.
http://stan.kz
23 мамыр 2019 ж. 891 0