АРАЛ БАЛЫҒЫ ЕУРОПАҒА ЭКСПОРТТАЛУДА

Бүгінгі күні 4 зауыт («Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО», «Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы» және «СДО Қарашалаң» ЖШС-нің балық өңдеу зауыттары) балықты терең өңдеумен айналысады. Ал қалғандары балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады.
Аудан басшысы М.Оразбаевтың айтуынша, Арал өңірінде Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Еврокод» белгісі бар бір кәсіпорын бар. Ол – «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауыты.
Биылғы жыл басынан бері теңіз төскейіндегі ауданда 2 274 мың тонна балық өңделіп, экспортқа 1456,197 тонна балық өнімдері шығарылды.