Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?

Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?

Биыл пандемиядан кейін алғаш рет мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау салтанатын өткізуге рұқсат берілді. Дегенмен мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім және ғылым министрлігі түлектердің ұстаздарына сыйлық жасауына болмайтынын еске салды. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға, ойын-сауық мекемелерінде бітіру кешін ұйымдастыруға да рұқсат жоқ. Десе де, соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға болады.

«Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма, бұл заңбұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой», дейді мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда өтеді. Ал 16-17 маусымда аттестатты салтанатты тапсыру рәсімі өткізіледі.
24 мамыр 2022 ж. 696 0