Тұрғындарға қайта ревакцинациялау жүргізіледі

– Бүгіннен бастап 6 ай аралықта вакцина салдырқан азаматтарға қайта екпе салдыру жұмыстары жүргізіледі. Коронавирус инфекциясына қарсы қайта ревакцинациялауға медицина қызметкерлері, күш құрылымдары, педагогтар, 50 жастан асқан азаматтар қамтылатын болады. Бүгінде 219 355 облыс тұрғыны ревакцинациядан өтті. Аймақтағы барлық емханаларда екпе түрлері жеткілікті, – деді Әлия Әбдіқайымова.
Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Мамыр айының 7-нен бастап коронавирус індетіне шалдыққандар тіркелген жоқ.
syrboyi.kz