Тұтынушының құқығы заңмен қорғалады

Брифингте сала басшысы құзырлы органга түскен өтініштердің 76-на жауап берілгенін және 22-сі түсіндіріліп, 21-і басқа мемлекеттік органга жолданғанын айтты. Нәтижесінде тұтынушыларға 717 390 теңге қаражат қайтарылған.
«Елімізде тұтынушының құқығы заңмен қорғалады. Наурыз айында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Онда халыққа тауардың сапасына көңілі толмаса ақшаны қайтарып алуға мүмкіндіктері бар екені айтылды. Мәселен аяқ киім сатып алдыңыз, кейін оның сапасыз тігілгенін анықтадыңыз делік. Бұл жағдайда не істеу керек? Оны сатып алған дүкеніңізге немесе базарға барып ауыстыруды ойлайсыз. Ал дәл сол жерден сатып алғаныңызды дәлелдеу үшін қолыңызда құжаттар (фискалды чек немесе тауар чегі, түбіртек) болуы тиіс. Сол кезде ғана тауардың ақшасын қайтарасыз немесе басқасына ауыстырып алуыңызға мүмкіндік болады. Әркез тұтынушы өз құқығын білуі тиіс», – деді Ерқасым Жайбергенұлы.
kyzylorda-news.kz