Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жыл басынан бері 3 бала терезеден құлаған

Қызылордада жыл басынан бері 3 бала терезеден құлаған

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері «Терезе» профилактикалық шарасы аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Биыл көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлаудың 3 жағдайы тіркелді. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, балаларды қараусыз қалдырудың салдарынан оқыс оқиғалар жиі тіркеледі екен. Сондықтан көпқабатты тұрғын үйлерде сақтық шараларын барынша сақтап, балаларды терезе маңына жақындатпауды ескертті.
Жақында «Арай» мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-ші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Бұл оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Қаламызда көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалардың құлап кету жағдайлары жиі тіркелуде. Мәселен, биыл 3 жағдай тіркелсе, өткен жылы 10 бала терезеден құлаған. Өкінішке орай, оның 2-і қаза тапты. Осы себепті жаз бойы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады. Құрметті қала тұрғындары кішкене балаларыңызды бақылаусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Бала қауіпсіздігі – ең бірінші орында, – деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түймебаев.

kyzylorda-news.kz​​​
14 маусым 2022 ж. 534 0