Қазақ әйелі 58 жасында алғаш рет балалы болды

“Күйеуге шыққан соң үш рет түсік тастадым. Үш рет ЭКО жасатпақ болдым. Нәтиже болған жоқ. Кейін күйеуім қайтыс болды. Балалар үйінен бала асырауға рұқсат берілген жоқ. Тағы да ЭКО жасатпақ болдым. Сол кезде медбикелер маған қарап күлгені есімде.
“Сіз қалай босанасыз? Сізге болмайды” деді.
Осыдан соң Райымбек бабаның басына бардым. Ол жерде 2 жасар бала жүгіріп жүрді. Бір кезде менің қолымнан келіп ұстады. Мұны бақылап тұрған белгісіз кісі “Не тіледің? Райымбек ата тілегіңізді қабыл етті”деді. “Сен балалы боласың, күмәнің болмасын” деді.
Осыдан соң оның айтуы бойынша, барлық киелі жерді араладым.
56 жасымда ЭКО жасатам деп шештім. Осылайша балалы болдым. Әдетте ЭКО-ны 40 жасқа дейін жасайды. Мен 58 жасымда қызды болдым. Бұрын қатал адам едім, ана болғалы мінезім жұмсақ.