2022-2023 оқу жылына арналған кесте: Оқушылар қанша күн демалады

Жаңа оқу жылында күзгі демалыс 31 қазаннан 6 қарашаға дейін, яғни 7 күн созылады.
Екінші тоқсаннан кейінгі қысқы демалыс 31 желтоқсанда басталып, 9 қаңтарға дейін жалғасады.
Ал 6 ақпан мен 12 ақпан аралығында бірінші сынып оқушыларына 7 күндік қосымша демалыс беріледі. Көктемгі демалыс 9 күнге, яғни 18 наурыздан 27 наурызға дейін созылады. Жазда оқушылар 3 айлық демалысқа шығады. Жазғы демалыстың жалпы ұзақтығы – 92 күн.
