Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық шақыру комиссиясының отырысы өтті

Қызылорда облыстық шақыру комиссиясының отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Рустам Ақбаров Қызылорда облысы әкімінің орынбасары – облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Мархабат Жайымбетовтың басшылығымен өткен облыстық шақыру комиссиясының кезекті отырысына қатысты.

Шақыру комиссиясының кезекті отырысына Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ғалымжан Тасжанов, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов, «Қарулы Күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Мыңділда Ршауов, жергілікті әскери басқару және атқарушы органдардың басшылық құрамы, облыстық шақыру комиссиясының мүшелері мен аудандық шақыру комиссияларының төрағалары қатысты.
Жиын басында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына қорытынды жасап, орын алған кемшіліктерге тоқталды. Күзгі әскерге шақыру науқаны барысында кемшілік жібермеу мәселелері қаралды. Әскери полиция өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 651-бабы бойынша баяндама жасады.
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен облыстық шақыру комиссиясының басқа да мүшелері өз бағыттары бойынша сөз сөйлеп, облыстағы мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын дұрыс ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстарын айтты.
Жиын соңында облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Мархабат Жайымбетов шақыру комиссиясының мүшелеріне алдағы уақытта азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
21 қыркүйек 2022 ж. 349 0