Дәрігерлер қант диабетінің алғашқы белгілерін атады

Глюкоза деңгейі неғұрлым жоғары болса, адам соғұрлым тез шаршағыш келеді. Бұл – қант диабетінің алғашқы көрінісі. Көңіл күй күрт өзгеріп, тітіркенудің басталуы ағзадағы глюкозаның жоғарылауының белгісі болуы мүмкін, бұл қан тамырларының жұмысын бұзады.
“Глюкоза – денедегі энергия көзі. Сондықтан глюкоза қалыпты мөлшерде болуы тиіс. Алайда тәттілерге деген шектен тыс ұмтылыс қандағы қант деңгейінің ауытқығанын білдіреді”, – деді мамандар.
Қандағы глюкоза жоғарылағанда, көз ісінуі мүмкін. Соның салдарынан көз торлары бұзылады.
kyzylorda-news.kz