Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмау белгілерін тез жоюға көмектесетін әдіс

Тұмау белгілерін тез жоюға көмектесетін әдіс

Биыл адамдар тұмаумен бірнеше рет ауырып жатыр. Дене қызуы көтеріліп, бас ауруымен ауыратын адамдар апта бойы жақсармайды.

Елде шошқа тұмауы деп аталатын А (H1N1) штаммы және аденовирус та тіркелді. Денсаулық сақтау министірі Ажар Ғиният көпшілік бар жерде маска тағып жүруге кеңес берген болатын.

"Вирустар бір-бірімен қабаттасып, вирустық инфекция араласқан кезде асқынып, инфекция мен суперинфекция болады. Елімізде коронавирустың "омикрон-штамы" да жұғып жатыр. Омикрон штаммының бірнеше түрі бар, себебі вирус мутацияға ұшырап отырады. Ал біздің елде Cerberus нұсқасы таралып жатыр", - деді ол.

Егер сіз ауырып қалсаңыз дәрігер шақырыңыз. Дәрігер үйде отыру керек десе,  мүмкіндігінше ұйықтауға тырысыңыз, жылы сұйықтықтарды көп ішіңіз және төсекте жатыңыз.

Егер дене қызуы көтеріліп, ауырса, жалаңаш ұйықтап көріңіз. Басында оғаш көрінуі мүмкін, бірақ бұл әдіс шынымен көмектесе алады!

"Жалаңаш ұйықтаған кезде қан айналымы жақсарып, дене жылу алмасуды жақсы реттейтіні шындық. Адам пижама және жылы шұлық сияқты киімдерді неғұрлым көп кисе, соғұрлым тыныш және терең ұйықтау қиын болады", - дейді сомнолог Кэтрин Холл Express басылымына берген сұхбатында.

Адам киімсіз ұйықтағанда, дене терморегуляцияны әлдеқайда жақсы жеңеді. Әрине, егер сіз тоңып жатсаңыз, киім киюге болады. Дегенмен, маңызды фактіні есте сақтаңыз: егер сіз түнде ыстық болса, онда дене терлейді, яғни қауіпті бактериялар мен қ инфекциялардың қаупі артады.

Неліктен жалаңаш ұйықтау керек?

Артық салмақты азайтады. Ғалымдар: ұйқы кезінде дене суыса, жылыну үшін майды көбірек бөлетінін айтады.

Өзіне деген сенімділікті нығайтады. Өзіңізді жалаңаш күйде көру әдеті сіздің денеңізді жақсы қабылдауға және білуге көмектеседі.

Окситоцин өндірісін ынталандырады. Ағза бақыт гормоны – окситоцинді шығарады, ол өз кезегінде стресспен, депрессиямен және жоғары қан қысымымен күреседі.

massaget.kz
Фото: ​ernur.kz​​​
23 желтоқсан 2022 ж. 200 0