Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2023 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

2023 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

Алдағы жылы бес күндік жұмыс аптасымен санағанда қазақстандықтарды 245 жұмыс және 120 демалыс күндері күтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылы ең көп демалатын күндер қаңтар мен наурызда - 12 күн. Ал ақпан мен қарашада 8 күн демаламыз.

2023 жылы мереке күндерінің көп бөлігі аптаның ортасына түсетіндіктен, демалыс күндері өте аз.

Ең ұзақ демалыс күндері:

Қаңтарда жаңа жылға 3 күн - 1, 2 және 3 қаңтар;
наурызда 3 күн - 21, 22 және 23 наурыз;
сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн - 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн - 6, 7, 8 және 9 мамыр;
шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады - 6, 7, 8 және 9 шілде;
желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн - 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.
2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді, өйткені ол сенбі - 7 қаңтарға сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс берілмейді.

Құрбан айт 2023 жылы 28 маусым, сәрсенбіге келеді.

Фото: baq.kz
27 желтоқсан 2022 ж. 869 0