Демалыс күндері қандай ауа райы күтіледі?

«Елдегі ауа райын Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық майдандар айқындайды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, боран соғады, екпінді жел соғады, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ, жауын-шашын күтіледі. 1 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады», делінген синоптиктердің болжамында.