Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. «Н» қонақ үйінде алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды өкімдеріне жәнеталаптарына бағынбай, олардың заңды қызметіне кедергі келтірген.
Аталмыш факті бойынша Б-ға қатысты ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Сотта құқық бұзушы Б. өз кінәсін толық мойындаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
 
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
14 желтоқсан 2018 ж. 1 167 0