Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қайтадан аязды күндер басталады

Қазақстанда қайтадан аязды күндер басталады

Қазақстанда алдағы күндері күн суытады. Шығыс аймақта 37 градусқа дейін аяз жүреді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

“Қазгидромет” мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында алдағы үш күнде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Соның салдарынан көктайғақ болып, тұман түседі. Шығыс аймақта жел соғып, қар жауады.
Алдағы үш күнде ауа температурасы көтеріліп, 11 қаңтарда қайта төмендейді. Әсіресе, Қазақстанның шығыс аймағында күн аязды болады. Бұл аймақта түнде 30-37 градусқа дейін аяз жүреді. Солтүстік және орталық Қазақстанның кей жерлерінде қар жауып, түнде 28-35 градусқа дейін суық болады.
Ал, батыста қысқамерзімді күн суытудан кейін күн қайта жылынады. Қар жауып, көктайғақ болады деп болжануда.
Stan.kz
09 қаңтар 2019 ж. 1 001 0