Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 9 облысында жол қозғалысы шектелді

Қазақстанның 9 облысында жол қозғалысы шектелді

Қазақстанның тоғыз облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша тоғыз облыста ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облыстарында қар тазалауға 400 бірлік арнайы техника мен 500 адам жұмылдырылған", – делінген хабарламада.

Жабық учаскелердің жалпы ұзындығы 1236 шақырымды құрайтыны, бұл республикалық жол желісінің 5 пайызына жуығы екені атап өтілді.

"Жабылған жолдарға шықпауларыңызды және ауа-райының өзгеруін мұқият бақылап отыруларыңызды сұраймыз. Төтенше жағдайда 1403 қысқа нөміріне хабарласу қажет. Біздің байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді", – деп түйіндеді сөзін "ҚазАвтоЖол".
04 наурыз 2023 ж. 278 0