Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады

БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарға алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату деректері жиілеп кеткенін және оларға сенбеу керектігін ескертіп, ресми сайтында хабарлама жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БЖЗҚ мәліметінше, алаяқтар зейнеткерлерге зейнетақы жинақтарының 50 пайызын кез келген мақсатта алуды ақылы түрде ұсынған.

«Жалған делдалдар өздерін қор қызметкерлері ретінде таныстырып, зейнеткерлерге ақысын төлесе, зейнетақы жинақтарының 50%-ын кез келген мақсатта жұмсауға алып беру қызметін ұсынып отыр. Бұл ақпарат «жалған» және шындыққа сәйкес келмейді», дейді зейнетақы қорының өкілдері.

Зейнетақы қоры әлеуметтік желілерде және басқа да ақпарат көздерінде таратылып жүрген ақылы түрде жинақтардың 50% алу мүмкіндігі туралы хабарламаларға сенбеуге қатаң кеңес береді. «БЖЗҚ жүргізетін барлық операция тегін жасалады. БЖЗҚ үшінші тұлғаларға хабарласпауды және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтынан немесе қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алу керектігін ескертеді», деп қосты зейнетақы қорының өкілдері. Сондай-ақ қор өкілдері зейнетақы бойынша кез келген кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болатынын айтады.
05 наурыз 2023 ж. 253 0