Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар зейнетақы жинағы туралы мәліметті SMS арқылы біле алады

Қазақстандықтар зейнетақы жинағы туралы мәліметті SMS арқылы біле алады

Қазақстанда 25 қаңтардан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның кез-келген салымшысы жеке зейнетақы шотының ахуалы туралы SMS-хабарлама арқылы біле алады.

«БЖЗҚ» АҚ мәліметінше, Қазақстанда 25 қаңтардан бастап Ұлттық банктің 2018 жылдың 19 қарашасындағы №288 қаулысы күшіне енеді. Оған сәйкес, «БЖЗҚ» салымшысының инвестициялық табысын есепке алғандағы зейнетақы жинағы туралы ақпаратты беру жөніндегі мемлекеттік қызмет Egov.kz порталында қолжетімді болады. Ол үшін электрондық сандық қолтаңбаның қажеті жоқ.
Зейнетақы жинағы туралы ақапаратты «БЖЗҚ» кеңсесінен, электрондық пошта, «БЖЗҚ» порталындағы жеке кабинет немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы білуге болады.
«Соңғы қызметті қолдану үшін бұған дейін электрондық сандық қолтаңба ғана қажет еді. Ендігі 25 қаңтардан бастап кез-келген салымшы жеке зейнетақы шотының ағымдағы ахуалының үзінді көшірмесін бір реттік SMS-кілт сөз арқылы ала алады. Ол mGov базасына тіркелген ұялы телефон нөміріне келеді», – дейді қордағылар. 



21 қаңтар 2019 ж. 890 0