Қызылордада кезекті 250 отбасыға көмек берілді
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен кезекті 250 отбасыға рамазан қоржыны табысталды.Қасиетті айдың соңғы күндерінде өткен «Берекелі Рамазан» акциясы аясында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті және қалалық «Хазірет Әбу Бәкір», Жалағаш аудандық «Иманқұл ата» мешіттері мұқтаждарға көмектесіп, қуаныш сыйлады.Айта кетейік, аймақта аталмыш айдың құрметіне орай баспана беру, азық-түлік қоржындар, ауызашар тағамдары, рамазан тәттілері мен сыйын тарату, қаржылай, қажетті заттарын алып беру секілді түрлі форматтағы шаралар көптеп ұйымдастырылып, Сыр мешіттері қайырымдылық жасаудан жарысты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі