Қайырымдылық: Қызылордада 50 отбасына азық-түлік жеткізілді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Жүрек жылуы» акциясы аясында өткен шарада әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік қоржыны жеткізілді.
Көмек алған тұрғындар игі шараны жүзеге асырған қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің имамдары мен жамағатына ризашылықтарын білдірді.