Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр оқу жылы неге 36 аптаға созылғанын түсіндірді

Министр оқу жылы неге 36 аптаға созылғанын түсіндірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының неге созылғанын түсіндірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Биыл жылдың жаңалығы елімізде оқу жылы 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады, – деді ол.

Бұл шешімнің басты негіздері:

- балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-аналар өтініштерінің ескерілуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу;

- оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстарының қабылдануы;

- оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру.

Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ОЭСР елдерінде оқу жылы 40 апта. Осыған орай әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген, – Оқу-ағарту министрі.
25 мамыр 2023 ж. 297 0