Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылы соңғы қоңырау 25 мамырға ауыстырыла ма?

Келесі жылы соңғы қоңырау 25 мамырға ауыстырыла ма?

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

«Келесі оқу жылында соңғы қоңырау салтанатын 25 мамырға қайтару жоспарланып отыр ма?» деп сұрақ қойды журналист вице-министрге.

Оқу жылын өткізуге қатысты мәселелер шешілген. 31 мамырда оқу жылы аяқталады. Бұл шешім нақты қабылданған, - деді Қаринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бірақ оның қорытындысы туралы айтуға әзірше ерте.

Оқу жылы әлі жүріп жатыр. Біз білім сапасына қорытынды жасап, өлшейміз, - деді Шолпан Қаринова.
15 мамыр 2023 ж. 418 0