Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылмауы мүмкін

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылмауы мүмкін

Биыл қашықтан оқытуға қатысты жағдай өзгермесе, онда оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау соғылмауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.«Биыл қорытынды аттестаттау болмайды. Бұған дейін 9-сыныпта төрт пәннен, 11-сыныпта 5 пәннен емтихан жұмысын өткізу қарастырылған болатын. Сондықтан бұл қорытынды аттестаттау жүргізілмейді. Барлық пәндер бойынша жылдық қорытындылар негізінде аттестат тапсырылады», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар Ш. Каринова соңғы қоңырауға қатысты тоқтала келе, рәсім оқу жылы аяталған кезде болатынын, яғни қорытындылайтын салтанатты шара екенін еске салды. Оған мектеп ұжымы мен оқушылар қатысады.
Оның сөзіне қарағанда, егер жағдай өзгермесе, соңғы қоңырау болмауы мүмкін.
https://syr-media.kz/
18 сәуір 2020 ж. 1 065 0