Қазақстандық оқушылар қорытынды емтихан тапсырмайтын болды

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға және оқушылардың қашықтан оқу формасына ауысуына байланысты министрлік 9 (10) сынып оқушыларына арналған қорытынды емтихандар мен 11 (12) сыныпқа арналған мемлекеттік қорытынды емтихандарды болдырмау туралы шешім қабылдады.
"Бұл біздің ақылға салып шығарған шешім. Барлық керекті өзгертулер министрліктің бұйрығына енгізілді. Бөлек емтихандар өткізілмейді. Бұл қорытынды бағалаудың жан-жақты болуын қамтамасыз етеді", – деді министрліктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, бұған дейін білім министрі оқу жылын шілдеге дейін ұзартудың неліктен мүмкін емес екенін түсіндірген болатын.
Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу ордаларының басшыларына мұғалімдерден қашықтан оқыту кезінде фото және видео түріндегі есепті талап етпеуді тапсырған еді.
Одан өзге, білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Кәрінова телеарнада сабақтар не себепті 10 минуттан аспайтынын түсіндіріп берген болатын.
https://kaz.nur.kz/