Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада облыстық олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада облыстық олимпиада жеңімпаздары марапатталды

  kyzylorda-news.kz Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталып, жеңімпаз оқушылар марапатталды. Үздіктерді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова марапаттап, оқушылардың білім сынындағы жетістіктеріне тоқталды.
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 9- 10 -11 сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11 сынып оқушылары білімдерін сынады.
Олимпиадаға 337 оқушы 13 пән бойынша қатысты. Үздік танылған 161 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Сонымен, І орын - Алтын медаль иегерлері – 22 оқушы, ІІ орын – Күміс медаль иегерлері – 50 оқушы, ІІІ орын – Қола медаль иегерлері – 89 оқушы.
Білім сынында үздік командалар марапатталып, арнайы номинация иегерлері де анықталды. Олардың қатарында І дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2020» - №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты, ІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2020» - Қызылорда қаласы, ІІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2020» - Қармақшы ауданы лайық деп танылды.
Ал, «Ең үздік қала мектебі - 2020» - Үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі, «Ең үздік ауыл мектебі - 2020» - Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейі, «Олимпиада жұлдызы - 2020» номинациясымен №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Ким Артем марапатталды.
08 қаңтар 2020 ж. 927 0