Білім министрлігі соңғы қоңырау кезінде түлектерге қойылатын талаптарды атады

"Сынып жетекшілері 20 минут бойы сынып сағаттарын өткізулері керек. Балалар арасындағы қашықтық-1,5-2 метр. Мектеп әкімшілігі аулада орналасуды қадағалап отыруы керек. Барлық оқушылар үшін маскалар мен респираторлардың болуы міндетті", - деді білім және ғылым вице-министрі.
Сондай-ақ, Шолпан Қаринова бітірушімен бірге аттестат тапсыру рәсімен тек ата-анасы келуі мүмкін екенін атап өтті. Басқа қонақтарды мектепке шақыруға тыйым салынады.
Бұдан басқа, мектептерде аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студиялар іс-шараларын өткізуге, мерекелік үстелдер ұйымдастыруға, автокөлік алдап, қалада серуен ұйымдастыруға, мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да көңіл көтеру мекемелерінде бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға тыйым салынады.
Білім министрлігінің жоспары бойынша биыл 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау онлайн-режимде өтеді. Сынып жетекшілеріне сынып сағаттарын қашықтықтан ұйымдастыру тапсырылды.
Еске сала кетейік, 16 сәуірден бастап коронавирустың пандемиясына байланысты қазақстандық оқушылар мен студенттер қашықтықтан білім алуға көшті. Онлайн режимінде оқыту оқу жылының соңына дейін жалғасады.