Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түлектерге қуанышты жаңалық. Соңғы қоңырау соғылатын болды

Түлектерге қуанышты жаңалық. Соңғы қоңырау соғылатын болды

BAQ.KZ тілшісі. Мектеп бітіруші түлектерге соңғы қоңырау соғуға рұқсат берілді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырауларын соғатын болады. Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау іс-шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс. Ал 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студентін қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. ҰБТ штаттық режимде 20 маусымнан бастап, санитарлық нормаларды сақтай отырып, 168 пункт бойынша өткізіледі, - дейді Тоғжанов. 
Ол, сонымен қатар бүгіннен бастап 2 000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен балаларды дамыту орталықтары ашылатынын айтты. 
Саябақта қыдыруға болады. Ал сол жерде ойын-сауық қызметтерін әзірше ашуға рұқсат жоқ. Сонымен қатар, жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекшілік топтары ашылады. Бірақ барлық санитарлық норма сақталуы шарт. Қазіргі кезде ірі сауда орталықтарына қатысты сұрақтар көптеп түсуде. Әзірше, ондай нысандар ашылмайды. Бұл мәселе әрбір аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қарай бөлек-бөлек қарастырылады. Көпшілік шараларға тыйым салынған, - вице-премьер.
https://baq.kz/​​​
11 мамыр 2020 ж. 1 756 0