ҰБТ-ның қалай өтетіні белгілі болды

Ата-аналар қашықтан оқу форматына көшкен балалары ҰБТ-ға нашар дайындалады деп уайымдап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Ал тестілеу орталығындағылар қашықтан оқу оқушылардың тестке дайындалуына кедергі келтірмейтінін айтты.
"Оқушыларға төртінші тоқсан бағдарламасынан сұрақтар берілмейді. Яғни, тек 5-сыныптан бастап 11-сыныптың үш тоқсанына дейінгі аралықта сұрақ қойылады. ҰБТ-ны өткізуде бұрынғы формат сақталады, алайда біз қосымша санитарлық шектеу шараларын енгіземіз", - деді Дидар Смағұлов.Сонымен қатар тест тапсырушылар арасындағы қашықтық ұлғаяды. Жергілікті жерлерде барлық оқушының дене қызуы тексеріледі.
Мектептерде соңғы қоңырау бола ма – білім министрлігі жауап берді
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індетіне байланысты төртінші тоқсанда оқушылар қашықтан білім алуға көшті. Биыл олар бітіру емтихандарын тапсырмайды.
Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны дәстүрлі түрде маусымның аяғында өткізуді жоспарлап отыр. Алайда министрлік коронавирусқа байланысты жағдай ушығып, карантин режимі жалғасатын болса, Б жоспарына көшетіндерін айтты.